Қарағандыда нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды
Қарағандыда нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілер ұсталды.
Полиция қызметкерлері жүргізген кешенді жұмыстардың нәтижесінде нәрестені далаға тастап кету дерегі бойынша күдікті 29 жастағы ер адам мен 22 жастағы әйел ұсталды. Қазір оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр, – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.
Өзге ақпарат тергеу құпиялығына сәйкес жариялауға жатпайды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағандыда полицияның тастанды нәрестенің анасын іздеп жатқанын хабарлаған болатынбыз.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ