Қарағандыда өрттен полиция полковнигі мен оның туыстары қаза тапты
Қарағандыда тұрғын үйде шыққан өрттен отставкадағы полиция полковнигі Ринат Шоқаев, оның әйелі мен ағасы қаза тапты. Бұл туралы ІІМ Қарағанды академиясының баспасөз қызметі хабарлады.
«70 жастағы отставкадағы полиция полковнигі Ринат Шоқаев, оның жұбайы және ағасы қаза тапты. Ринат Шоқаев 1987 – 1997 жылдар аралығында Қарағанды академиясында курс бастығы, одан соң саптық бөлім бойынша академия бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Қарағанды академиясының дамуына үлкен үлесін қосып, көптеген офицерлерді тәрбиелеп шығарды», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 10 қаңтарда Қарағанды қаласында 16 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Салдарынан үш адам қаза тапты.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 қаңтарда сағат 21:29-да Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 16 қабатты бір кіреберісті 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шықты.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ