Қайрат Боранбаевтан мемлекетке тағы 33,75 млрд теңгенің активтері қайтарылды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қайрат Боранбаевтың мүлкін мемлекет меншігіне қайтару шараларын жалғастырып жатыр.
Мемлекет кірісіне жалпы құны 33,75 млрд теңге болатын кеңсе, сауда және ойын-сауық кешені, сондай-ақ сауықтыру және фитнес желісі өтті.
Атап айтқанда, оңтүстік мегаполистің орталығында орналасқан «Алмалы» сауда орталығының ғимараты, сондай-ақ жалға беру және мүлікті басқарумен айналысатын «Unity Hall» ЖШС. «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында орналасқан нысанның ауданы 11 мың шаршы метрден асады. Сондай-ақ «Fitnation» фитнес клубтар желісі мемлекет меншігіне өтті, – деді ҚМА-ның ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Нысандар Астана, Алматы және Қостанай қалаларында орналасқан. Бұл нысандардың барлығын қолданыстағы заңнамаға сәйкес демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсаттарға пайдалану жоспарланып отыр. Активтерді қайтару жұмыстары жалғасады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ