Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалды
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамалатын болды. Ол әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 434-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
2024 жылы 4 маусым кешкі сағат 20:00 шамасында Алматы – Астана бағытындағы рейс бортымен Қайрат Айдарбеков (Қайрат Нұртастың құжаттағы аты-жөні – ред.) өзінің танысымен бірге ұшқан. Ол екеуі сөзге келіспей қалып, Айдарбековтің өзі Бекқайыровқа қасақана жеңіл дәрежедегі дене жарақатын салғанын мойындап отыр. Алайда сот барысында екеуі татуласып, істі қысқартуды сұрады. Сондықтан іс бұл бөлігі бойынша қысқартылады, - деді судья Ұлдана Сүлейменова.
Ал ұсақ бұзақылық бабы бойынша сот Қайрат Айдарбековтің қоғамдық тәртіпті бұзғанын айтып өтті.
Оның бұзақылық әрекеті бір жылдың ішінде қайталанып жасалып отыр. Осы тектес әрекет жасағаны үшін бұған дейін айыпқа тартылған, - деп түсіндірді судья.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ