Қазақ, қырғыз, өзбек елдері су тапшылығы мәселесін бірігіп шешпек
Президент Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында 2040 жылға қарай елде суға қажеттілік еселеп артып, тапшылық 12-15 млрд текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан еді.
Сондай-ақ ол Үкіметке осы проблеманың алдын алуды тапсырды. Бұл ретте өзен-көлдерді ортақ пайдаланатын көршілес үш ел – Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстан мәселені бірлесе шешуге мүдделі. Оның бір мысалы – қырғыз елінде салынып жатқан Қамбар ата су электр стансасы.
Ауқымды нысанның құрылысына Қазақстан мен Өзбекстан да қатысады. Бұл жоба Орталық Азия елдері үшін су тапшылығын жоюға айтарлықтай септігін тигізеді.
Су тапшылығы проблемасын шешу мақсатында қолға алынған маңызды жобалардың бірі – Қамбар ата су электр стансасы. Нысанды Қырғызстан, Қазақстан және Өзбекстанның үлестік қатысуымен салу жоспарланып отыр. Мақсат – ортақ байлығымыз суды бірлесе пайдалану, - деді Қырғызстанның Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Муса Джаманбаев.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ