Қазақстан астрофизиктері әлемде алғаш рет Гамма сәуленің жарылуын тіркеді
Ассы-Түрген астрофизикалық обсерваториясына қарасты Назарбаев Университетінің телескопы 28 наурызға қараған түні гамма-сәулелерінің жарылысына инновациялық бақылау жасады.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, гамма-сәулелік жарылыс – ғаламда болатын ең жарқын электромагниттік жаңалық. Халықаралық ғылыми қоғамдастық ондаған жылдар бойы олардың нақты табиғаты мен параметрлерін әлі таба алмай жатыр.
Ал қазақстандық астрофизиктер әлемде бірінші болып гамма-сәуленің жарылуын тіркеп, 41 секундтан 30 минутқа дейінгі жарықтан кейінгі жарқырау туралы ең алғашқы мәлімет алды. Ғарыштық орбитадағы NASA телескопы 110 секундтан кейін ғана жарық «автошогын» бақылай бастаған. Өз баяндамасында NASA қызметкерлері бұл энергияның өсуін бірінші болып тіркеген қазақстандық обсерватория екенін растады. Тек отандық астрофизиктерде 41 секундтан 110 секундқа дейінгі бірегей деректер бар. Бақылаулар жүргізген 14 обсерваторияның бірі болып табылатын басқа жердегі телескоп біздің обсерваториядан кейін 30 минутта ғана гамма-сәулелік жарылысты бақылаған.
Бұл – бұрын-соңды жазылған гамма-сәулелерінің жарылуын оптикалық көп арналы бақылаудың ең жылдам түрі. Біз оқиғаны бір уақытта жасыл, қызыл және инфрақызыл диапазондарда бақылаймыз. Бұл бізге сигнал спектрі туралы түсінік береді. Бақылау халықаралық ғылыми қауымдастыққа жарияланды, – деді Энергетикалық ғарыш зертханасы (ECL) жобалық тобының ғылыми-зерттеу инженері Жанат Мақсұт.
Нобель сыйлығының лауреаты, көрнекті астрофизиктер мен космологтардың бірі Джордж Фицджеральд Смут III Ассы-Түрген обсерваториясының мамандарын жеке құттықтады.
Бұл – бақылау ғылымындағы үлкен қадам. Қазақстан ғалымдары үлкен жаңалық ашты. Енді алдағы уақытта құнды деректерді өңдеу және талдау болады, – деді ол.
Қазір бақыланған деректерді зерттеушілер тобы мұқият талдап жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ