Қазақстанда 39 жаңа су қоймасы салынады
Қазақстанның 9 өңірінде 39 жаңа су қоймасы салынады. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Taunews.kz.
Cу қоймаларын салу арқылы 70 елді мекене су тасқынан келетін қаупті азайтуға болады. Және 394 мың гектар жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуге және ауыл шаруашылығында 129 мыңнан астам жұмыс орнын құруға жағдай жасалмақ.
«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада 41 авариялық су қоймасын қалпына келтіру көзделген. Оның ішінде 2017-2019 жылдар кезеңінде 10 нысан пайдалануға берілді. Ал екеуі осы жылы аяқталатын болады. 2021 жылы тағы 8 нысанды аяқтау жоспарлануда және қалған жиырма 21 нысан 2025 жылға дейін іске асырылады. Бұдан басқа, 9 өңірде жалпы көлемі жылына 3,6 млрд текше метр болатын 39 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Оларды іске асыру үшін 115 млрд теңге қажет», - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ