Қазақстанда 7,6 мыңнан аса медицина қызметкері тапшы
Елімізде 7,6 мыңнан аса медицина персоналы жетіспей жатыр. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.
2030 жылға дейін ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту тұжырымдамасында медицина қызметкеріне тапшылықтың өзекті мәселе екені жазылған.
2007-2017 жылдар аралығындағы кезеңде педиатриялық факультеттерге талапкерлерді қабылдау жүзеге асырылмады. Бұл мамандардың тапшылығына әкелді. Әсіресе, стационар деңгейіндегі мамандарға және арнайы бейінді мамандардың тапшылығына (балалар реаниматологтары-анестезиологтары, кардиологтар, пульмонологтар, гастроэнтерологтар) қатты әсер етті, - деп жазылған тұжырымдамада.
Мамандықтар бөлінісінде:
Анестезиолог-реаниматологтар (ересектер, балалар) – 787, Акушер-гинекологтар (ересектер, балалар) – 291, Педиатрлар – 304,
Неонатологтар – 104,
Балалар инфекционистері – 65,
Балалар невропатологтары – 51 және тағы да басқа мамандықтар арасында кадр тапшылығы байқалады.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, маман тапшылығынан кейбір қызметкерлер қосалқы жұмыс істеуге мәжбүр. Қазақстан бойынша 7 606 орта медициналық персонал жетіспейді. Оның ішінде қалаларға 6 468, ауылдарға 1 138 маман керек.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ