присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстанда бірқатар салада импорт көрсеткіші төмендеді

13 тамыз 2024 10:27
Қазақстанда бірқатар салада импорт көрсеткіші төмендеді

Елімізде машина жасау, металл бұйымдар мен қағаз өнімдері салаларында импорт көрсеткіші төмендеген. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Ведомство басшысының айтуынша, 2024 жылдың бірінші жартысында өңдеу өнеркәсібіндегі өсім – 5,1%. Өсім қара және түсті металлургия, химия, машина жасау және жиһаз өндіру салаларында тіркелді.

Жыл соңына дейін өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі салаларда оң серпін қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бұған қол жеткізудің бірден бір тетігі – отандық өндірісті қолдау, - деді министр Үкімет отырысында.

Қанат Шарлапаев отандық өндірушілерді қолдау үшін заңдарға келесі өзгерістер енгізіліп, қабылданғанын айтты:

•          Бірінші, мемлекеттік сатып алуда басымдық берілетін отандық тауарлар тізбесі кеңейтілді. Оффтейк келісімшарттар жасасу тетігі пысықталды.

•          Екінші, мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілетін құрылыс жұмыстарында отандық тауарларды пайда лануға бақылау енгізілді.

•          Үшінші, жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың сатып алуларында отандық тауарларға басымдық берілген.

•          Төртінші, табиғи монополия субъектілері сатып алуларында отандық тауарларға 10% шартты жеңілдік қарастырылған, бұл тауарлардың бәсеке лестігін арттырады.

•          Бесінші, "Самұрық Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры сатып алуларында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк келісімшарттар жасасу шарттары жетілдірілді.

Нәтижесінде Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі өндірісі 4%-ға өсіп,  импорт 7%-ға төмендеген.

Импорттың төмендеуі машина жасау тауарлары, металл бұйымдар мен қағаз өнімдері бойынша тіркелді, - деді Қанат Шарлапаев.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру