Қазақстанда оқушылардың білім сапасына баға беріледі
15 сәуірден бастап қазақстандық мектептерде оқушылардың білім жетістіктерінің мониторингі басталады.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруге 2 мың 462 мектеп бойынша 4 және 9-сыныптарында оқитын 150 мыңға жуық оқушы қатысады. ББЖМ арқылы оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, сондай-ақ оқу процесінің осал тұстарын анықтауға қол жеткізіледі. Оқушылардың білім сапасын зерделеуге бағытталған бұл жүйе – қазақстандық ұлттық зерттеу құралы. Оның қорытындысында білім беру сапасын арттыру үшін әр аймақ пен нақты білім беру ұйымы бойынша кешенді талдау және әдістемелік ұсынымдар әзірленеді.
Мониторинг сауаттылықтың 3 бағыты бойынша жүргізіледі: оқу сауаттылығы, математика және жаратылыстану. Оқушылар тестілеуді компьютермен тапсырады. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, білім беру жетістіктерінің әртүрлі мәндік факторларын анықтау үшін ББЖМ шеңберінде сауалнама жүргізіледі. Сауалнама оқушыларға, педагогтерге, мектеп басшыларына және 4-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған, – деді «А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-ның төрағасы Мағжан Аманғазы.
Айта кетсек, ББЖМ 26 сәуірге дейін жалғасады. Биыл тест тапсырмалары PISA, PIRLS, TIMSS халықаралық бағалау үлгілерін ескере отырып жаңартылды. Қазір қазақстандық ББЖМ жүйесі халықаралық аккредиттеуден өтіп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ