присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді

05 шілде 2024 09:58
Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 270 мыңнан астам өтінім берді.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады. Бүгінге дейін 275 мың 177 өтінім келіп түскен. Бірінші сыныпқа оқушыларды қабылдау бойынша Ақмола, Алматы, Жетісу, Павлодар облыстары 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Министрліктің болжамы бойынша, 31-желтоқсанға дейін 6 жасқа толатын балалар саны 370 мыңнан асады, осылайша құжат қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін мектеп табалдырығын аттайтын балалардың саны әлі де арта түспек.

Өтініш берушілердің қолайлығы үшін қызмет көрсету толығымен автоматтандырылған. Ата-аналар мен балалардың заңды өкілдері өз өтінімдерін еgov.kz электронды порталында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Өтінімдер демалыс пен мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады, – делінген министрлік хабарламасында.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру