Қазақстандықтар енді Қытай елінің аумағына тексерістен өтіп қана кіре алады
Қытай өз аумағына кіретін қазақстандық жолаушылар үшін талапты өзгертті. Мұны осы мемлекет елшілігінің сайты хабарлап отыр.
Сайт дерегінше, енді Қазақстаннан Қытайға баратын азаматтар ұшаққа отырардан 48 сағат бұрын елімізде ресми тіркелген зертханада ПТР-тест тапсыруға тиіс.
Сонымен қатар, қазақстандықтар Қытайға аттанарда денсаулық кодын алуға өтініш жазуы керек. Ал арыз өңделіп болғаннан кейін оларға Қытай елішігінен немесе бас консулдығынан жасыл код беріледі. Жолаушылар оны авиациялық рейске тіркелерде ұялы телефондарынан көрсетуі қажет.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ