присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қазақстаннан араб елдеріне 29,7 мың тонна ет экспортталды

25 қараша 2022 14:06
Қазақстаннан араб елдеріне 29,7 мың тонна ет экспортталды

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров пен «Al-Reef Al-Tholathy» атқарушы директоры Мұхаммед Нассер Алмукейриш Қазақстан мен Сауд Арабиясындағы азық-түлік өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірімен ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Атап айтқанда, Араб кәсіпкерлерінің Қазақстанда құрылатын «Қой шаруашылығын дамыту қоры» жұмысына қатысу мүмкіндігі қарастырылды.  Жоба қазақстандық қой мен қозыны араб мемлекеттеріне, бірінші кезекте Парсы шығанағы елдеріне жеткізуге ықпал ететін болады. Өндірілген қаражатты одан әрі қой өсірумен айналысатын отандық фермерлерді қаржыландыру үшін пайдалану жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобаға инвесторларды тарту бойынша жұмыс басталды. Сауд Арабиясының қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі саналатын және өз нарығын жоғары сапалы салқындатылған етпен қамтамасыз етумен айналысатын «Al-Reef Al-Tholathy» компаниясы әлеуетті серіктес бола алады.

Айта кетейік, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қазақстандық мал өсірушілер 29,7 мың тонна ет, оның ішінде 6,7 мың тонна қой еті экспорттады.  Отандық қойдың негізгі тұтынушылары Өзбекстан, БАӘ, Кувейт, Оман және Бахрейн мемлекеттері. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық қой етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және өндірісті ұлғайтуға одан әрі ықпал ететін болады.

Араб делегациясы Қазақстанға сапары аясында жергілікті мал шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысу үшін еліміздің оңтүстік өңірлеріне барды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру