присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайта беріледі: Сенат заңды мақұлдады

12 қазан 2023 11:57
«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайта беріледі: Сенат заңды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, мемлекеттік авиация, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң мақұлданды.

Құжат аясында «Қазақстанның мемлекеттік наградалары туралы», «Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» және «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» заңдарға түзетулер енгізілген.

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы – еліміздің әдебиетін дамытуға ерекше үлес қосқан, бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған тұлғаларға беріледі. Сондай-ақ ұлт әдебиетін жаңа деңгейге көтерген, әдеби шығармашылық ортаның ең жоғарғы сыйлығы болады, - деді депутат Геннадий Шиповских.

Сондай-ақ заң жобасы авиация саласын да реттейді.

«Бүгінде мемлекеттік авиация саласындағы күштік органдарда (ҚМ, ІІМ, ҰҚК) тек ведомствоішілік нұсқаулықтар ғана қолданылады. Осы ретте, «Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңға түзетулер енгізу мүмкіндігін ұсынады, - деді сенатор.

Сенат депутаттарының жалпы даусымен заң жобасы мақұлданды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру