Қазақстанның бірқатар өңірінде карантин талаптары күшейтілді
Бүгіннен бастап Қазақстанның бірқатар өңірінде карантиндік шектеу шаралары күшейтілді, деп хабарлайды Taunews.kz.
9 қарашадан бастап Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында карантин шаралары күшейтілді. Петропавл қаласының периметрі бойынша 5 блокпост қойылды. Олар Мамлютка қаласы, Бескөл ауылы, Булаев қаласы, Солнечный шағын ауданы және Шаховское елді мекені бағыттары бойынша орналасқан. Сонымен қатар, Қостанай облысында да карантин шаралары қайта күшейді. Өңірде 12 санитарлық бекет орнатылды. Соңғы күндері облыста эпидемиологиялық ахуал күрделене түскен. Осыған байланысты covid-19 ауруының одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында облыстық жедел штаб 2 апта мерзімге карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдады.
Павлодар облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 6 қарашадағы №13 қаулысына сәйкес 9 қарашадан бастап Павлодар қаласына адамдар себепсіз кіре алмайды. Қаулыға сәйкес Павлодар қаласына кіре берісте блокпостар қойылады. Сондай-ақ, бірқатар ұйымдардың жұмыс уақыты қысқарады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ