Қазақы ит тұқымдарын сақтауды көздейтін заң қабылданды
Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылданды.
Құжат аясында қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы құрылады. Заң жобасының нормаларын іске асыру үшін бюджеттен 1,4 млрд теңге көзделеді.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар заңды қабылдады.
Заң жобасымен қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаттары бекітіледі:
қазақы ит тұқымдарының сақталуын қамтамасыз ету;
қазақы ит тұқымдарының тазалығын сақтау.
Қазақы ит тұқымдарын сақтау мен өсімін молайтуды қамтамасыз ету жүйесіне төмендегілер кіреді:
аумақтық бөлімшелері бар оның ведомствосын қоса алғанда, уәкілетті орган;
қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
қазақы ит тұқымдарының ұлттық орталығы;
қазақы ит тұқымдарын өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ