Қазпошта кассирлері 84 млн теңге жымқырған
Алматы облысындағы «Қазпошта» АҚ кассирлері 84 млн теңге мемлекеттік бажды жымқырған.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында Жамбыл ауданының халыққа қызмет көрсету бөлімінде жұмыс істейтін «Қазпошта» АҚ кассирлері 2021-2023 жылдар аралығында паспорт және жеке куәлікті рәсімдеу барысында мемлекеттік баждың бір бөлігін иемденіп отырған.
Олар көші-қон қызметіне баж сомасы жайлы жалған ақпарат енгізілген түбіртекті ұсынып, мемлекетке 84 млн теңгеден аса шығын келтірген.
Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес жариялауға жатпайды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ