«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ тарифін заңсыз есептеген
Түркістан облыстық прокуратурасы қадағалау барысында тауарлық газ тұтынушыларының құқықтары бұзылғанын анықтады.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Түркістан өндірістік филиалы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға заңсыз талаптар жүктелген. Салдарынан газды тұтынудың тәуліктік көлемі артқан кезде оларға әр тәулік үшін 1,2-1,5 мөлшерінде жоғары коэффициент қолданылған.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мұндай талаптар тек өнеркәсіптік тұтынушыларға таратылып, қолданылуы мүмкін.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша өнім берушінің жоғары коэффициентті қолдану мүмкіндігі жойылып, 37 кәсіпкердің құқығы қорғалды және оларға негізсіз өндірлген 4,7 млн теңге қайтарылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ