присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ 11 өңірден табылды

26 сәуір 2023 10:57
Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ 11 өңірден табылды

Алматы қаласында қарудың заңсыз айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топтың мүшелері ұсталды.

Биылғы қаңтар мен сәуір аралығында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірге прокуратураның үйлестіруімен заңсыз қару айналымындағы қаруды іздестіру және тәркілеу бойынша, оның ішінде Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қаруға қатысты бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде Қазақстанның 11 аймағында 268 қару, оның ішінде 38 «Калашников» автоматы, 126 мылтық, 104 тапанша, 21 граната, 4 жарылғыш құрылғы, түрлі калибрлі 30 199 оқ-дәрі, сонымен қатар броньды кеудеше, қорғаныш дулығасы, кісендер, автомат оқжатарлары, қалқандар мен радиостанциялар тәркіленді.

Жедел қызметкерлер жасырылған қару мен оқ-дәрілердің негізгі бөлігін мына жерлерден анықтады: Алматыда – 4, Байқоңырда – 1, Қостанайда – 1, Семейде – 1, Өскеменде – 1, Ақтөбеде – 1, Алматы облысында – 3, Жамбыл облысында – 4, Жетісу облысында – 2, Павлодар облысында – 1, Солтүстік Қазақстан облысында – 3.

Бұдан басқа, Алматы қаласында қарудың заңсыз айналымымен ірі көлемде айналысып келген қылмыстық топ әрекетінің жолы кесілді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заңсыз айналымдағы қаруды іздеу мен тәркілеу жалғасу үстінде.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру