присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қаңтарда жылдық инфляция 20,7%-ға жетті – Ұлттық банк

14 ақпан 2023 11:14
Қаңтарда жылдық инфляция 20,7%-ға жетті – Ұлттық банк

Қазақстанда жылдық инфляция 20,7%-ға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов айтты.

«Қазақстанда инфляцияның айлық динамикасы 2022 жылғы наурыздағы ең жоғары мәнге (3,7%) жеткен соң төмендеп келеді. Алайда биыл қаңтарда айлық инфляция біртіндеп 1,1%-ға дейін төмендеді. Бұған қарамастан, ол орташа жылдық мәннен едәуір асатын деңгейде қалып отыр. Жылдық мәнде инфляция биыл қаңтарда 20,7%-ға жетті. Азық-түлік бағасының өсуі инфляцияның өсуіне мейлінше үлес қосып отыр», - деді Берік Шолпанқұлов.

Ұлттық банк төрағасының орынбасарының айтуынша, азық-түлікке жатпайтын инфляция да импорт тауарларының қымбаттауы мен оларға сұраныстың сақталуына байланысты 20,2%-ға дейін жеделдеді. Ақылы қызметтердің инфляциясы 14,2%-ға жетті.

«Логистиканың өзгеруіне, жоғары инфляциялық күтулерге, сұранысты фискалдық қолдауға және кредит берудің ұлғаюына байланысты инфляцияның өсуі жалғасып келеді. Осы тәуекелдер базалық мөлшерлемені ағымдағы деңгейде ұстап тұруды талап етеді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру