«Қорғас» халықаралық орталығының мүлкі мемлекетке қайтарылды
«Қорғас» ШЫХО-ның мүлкі мемлекетке қайтарылды.
Прокуратура органдарының тексеру шаралары бойынша 2018 жылы 900 шаршы метрден асатын «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы багаж терминалының 90 млн теңгеге сатылғаны анықталды. Кейін 2023 жылы оның астындағы 1,9 гектар жер учаскесін 500 мың теңгеге уақытша пайдалануға қосымша сатып алу шарты жасалды. Алайда тараптар мүлікті сату ережелерін сақтамай, мүлікті бағалау бекітілген стандарттарды өрескел бұза отырып жүргізілген. Оның үстіне жер телімін иеліктен шығару ғимарат сатылған соң 4 жылдан кейін іске асқан.
Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді.
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2024 жылғы 19 наурыздағы күшіне енген шешімімен талаптар қанағаттандырылып, шарттар жарамсыз деп танылды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ