Қостанай облысына Ресейден шегірткенің келу қаупі бар – министрлік
Қостанай облысында еліміздің Ресеймен шекарасының ұзындығы 100 шақырымнан асады. Қазір шекараның ұзындығына байланысты көрші мемлекеттің Орынбор облысынан келетін шегіркелер қауіп төндіріп тұр.
АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Дархан Әбдікәрімовтың айтуынша, Орынбор облысының Светлин ауданындағы бұрынғы Ақтөбе совхозында қараусыз қалған ескі егіс алқаптарында шегіртке ұялары бар. 2012-2014 жылдары шегіртке көбейіп, сол жерден Қостанай мен Ақтөбе облыстарына ұшып келген.
Оның басты себебі, шекаралық аймақта жел көбіне батыстан соғады. Ресейден қазірдің өзінде Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданына шегірткелер көптеп келіп жатыр. Қостанай облысына қатысты да алаңдаушылық бар.
Біз екі апта бұрын оқшауланған шегірткелерді өңдедік. Ең қиыны, олар осы жолмен ұшып келеді. Қазір ресейлік әріптестермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар түсініп, қажетті шараларды жүргізетіндерін айтты, – деді Дархан Әбдікәрімов.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Орынбор облысының Ауыл шаруашылығы вице-министрімен бейтарап аумақты өңдеу туралы келісімге келді.
Қазір шекарада 6 ұшақ, 2 дельтаплан, 20 жерүсті техникасы жұмыс істеп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ