Қостанайда Ресей азаматының 85 млн теңге заңсыз мүлкі тәркіленді
Қаржы мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан тағы бір қылмыстық істі анықтады.
Антикордың мәліметіне қарағанда, Ресей Федерациясының азаматы 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, 180 млн теңгеден астам сомаға аса ірі көлемде табыс тапқаны анықталды.
Сот үкімдері бойынша күдіктінің 85 млн теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде «Binance» крипто биржасының платформасында орналастырылған цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді, – делінген хабарламада.
Күдікті бес заңсыз криптовалютамен айналысқан ісі қылмыстық істі тергеу барысында анықталды. Сонымен бірге тергеу кезінде тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ адамның қылмыстық істерінің жолы кесілді.
Қазір сотқа дейінгі тергеу болып жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ