«Қымыз іштім»: Шымкентте жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан
Шымкентте жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші бағдаршамды құлатып, көлікті соққан.
Жол-көлік оқиғасы тапа-тал түсте Рысқұлов пен Қазиев көшелерінің қиылысында болған. Alphard көлігін басқарған мас ер адам бағдаршамды соғып, кейін артқа қарай жүріп, жол үстінде келе жатқан Toyota Camry көлігімен соқтығысқан. Апат ЖБО камераларына түсіп қалған. Бейнебақылау инспекторлары оқиға орнына патрульдік автоэкипажды жолдады. Тәртіп сақшылары өзін біртүрлі ұстаған жүргізушіден алкоголь тұтынуын тексеру үшін медициналық куәландырудан өтуін сұрады. Құқық бұзушы өз әрекетін «мен тек қымыз іштім» деген сөздермен ақтауға тырысты. Оның орташа масаң халде болғаны анықталды.
Қала тұрғынының мұндай жағдайда рөлге бірінші рет отырмағаны белгілі болды. Ол 1,5 жыл бұрын ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша жүргізуші куәлігінен айырылған. Қазір азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Ол бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ