Қырғызстаннан Қазақстанға заңсыз ұялы телефон әкетпек болғандар ұсталды
Қырғыз Республикасының экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі Қазақстанға жалпы құны 25 млн сом болатын ұялы телефондарды заңсыз әкетпек болғандарды ұстады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Taunews.kz.
Қырғызстан аумағындағы Аламудун және Ыстық-Ата аудандарында елден тауарларды заңсыз әкету және әкелуді анықтауға, жолын кесуге бағытталған тексеріс жүргізілген. Шара барысында «Ақ-Тілек Автожол» бақылау-өткізу бекетінде Қазақстанға тауарды заңсыз әкетпек болған «Lexus GX470» маркалы автокөлігі ұсталды.
Аталған автокөлікті тінту кезінде жалпы құны 25 миллион сом болатын қымбат ұялы телефондар табылды. Олардың маркасы: Айфон 12, Айфон 11, Айфон 10, Айфон 7, Айфон 6, Айфон SE, Айфон қаламдары, Айфон, Самсунг Z, Редми 9, Поко Х9 құлаққаптары - 20 дана.
Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ