присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қытай сайтындағы жер сатуға қатысты жарнама: СІМ түсінік берді

29 мамыр 2023 17:41
Қытай сайтындағы жер сатуға қатысты жарнама: СІМ түсінік берді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытай сайтындағы «Қазақстанда жер сатылады» деген жарнамаға қатысты түсінік берді.

Біз де бұл жарнаманы көрдік. Бейжіңдегі елшіміз Қытайдың Сыртқы істер министрлігіне (ақпаратты) жедел жеткізді. Біз де ҚХР елшілігіне хабарладық. Жер туралы хабарлама біздің ОLХ сияқты сайтында жарияланған екен. Модерациядан қалай өткенін білмедім. Қазір Қытай тарапы тексеріп, болашақта мұндай жайтты болдырмауға келісім берді, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ресми өкіл сайттағы жарнаманың жалған екенін атап өтті.

Телефон арқылы хабарластық. Ешкім тұтқаны алмайды, телефон сөндірулі. Провакация да болуы мүмкін, - деді ол.

 

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру