присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Қызылорда облысында тұрмыстық қалдықтар тарифі негізсіз көтерілген

09 қыркүйек 2024 12:06
Қызылорда облысында тұрмыстық қалдықтар тарифі негізсіз көтерілген

Қызылорда облысында тұрмыстық қалдықтар тарифі негізсіз көтерілген.

Прокуратураның мәліметінше, Арал ауданында аудандық мәслихаттың шешімімен бекітілген тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта жарату бойынша тарифтердің заңдылығына талдау жүргізілген. Оның нәтижесінде тарифтің негізсіз жоғарылатылғаны анықталған. Бұл тұтынушылар тарапынан заңсыз төлемдер төлеуге әкелген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша, аудандық мәслихат жаңа шешім қабылдады. Онда ТҚҚ бойынша тарифтер төмендетіліп, нәтижесінде 40 мың жеке және заңды тұлғалардың құқығы қорғалды.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру