Қызылордада құны 55 млн теңге болатын жер мемлекетке қайтарылды
Қызылордада құны 55 млн теңге болатын 851 гектар жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Қалалық прокуратураның қадағалау актісі негізінде 55 млн теңге болатын 851 гектар жер (9 гектар болатын жер кәсіпкерлік мақсатта (құны – 50 млн теңге), жайылымдық жер – 842 гектар (құны – 5 млн теңге) мемлекет меншігіне қайтарылды, деп жазылған хабарламада.
Нұсқама талабын орындамаған 16 тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылды.
Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы пайдаланылмаған кадастрлық құны 163,4 млн теңге болатын 7 мың 69 гектар жер яғни 158 жер учаскесі (6 712 гектар жер кәсіпкерлік мақсатта (құны – 13,4 млн теңге, жайылымдық жер – 357 гектар, (құны – 150 млн теңге) анықталды.
Бүгінде аталған жер учаскелерін мемлекетке қайтару үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ