"Каска табылды". Майқайыңда іздестіріліп жатқан құтқарушылар туралы тың дерек шықты
Майқайың кенішінде іздестіріліп жатқан құтқарушылардың заттары табылды.
Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов айтты.
"Майқайың Алтын" АҚ кенішінде іздеу жұмыстары жүргізілген жерде бүгін жаңа бөлшектер, яғни құтқарушының каскасы, автобустың ішкі сөресі есігінің кішігірім бөлігі және де құтқарушының "XFERRA" қол радиостанциясы табылып, жер бетіне көтерілді", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін ішінде құтқарушылар отырған автобус жер астына түсіп кеткені, екі адам өлі табылғаны, бірақ қалған екі адам әлі шығарылмағаны хабарланды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ