Халықаралық іздеуге жарияланған шетелдік Польшадан экстрадицияланды
Бүгін Польшадан алкогольдік масаң күйде жол қозғалысы ережелерін бұзған Грузия азаматы Қазақстанға экстрадицияланды.
Бас прокуратураның мәліметінше, күдікті былтыр Алматыда мас күйде көлік жүргізіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан басқа көлікпен соқтығысып, екінші жүргізушінің денсаулығына ауыр зиян келтірді. Оқиғадан кейін күдікті тергеуден жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланған. Биылғы сәуірде ол Польшада ұсталды.
ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша күдікті Қазақстанға экстрадицияланып, қазір тергеу изоляторына қамалды. Айыпталып отырған қылмысы үшін 10 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – делінген прокуратура хабарламасында.
Сонымен қатар биыл Польша тарабынан Қазақстан аумағында аса ірі көлемде есірткі бизнесімен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың ұйымдастырушысы Қазақстанға экстрадицияланды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ