присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды

01 қараша 2023 15:26
Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланды

2023 жылдың 28 қазанына қараған түні Костенко атындағы шахтадан өрт шығып, 200-ден астам кенші жер бетіне шығарылды. Шахтадағы апаттан 46 кенші қаза тапты. Осы қайғылы жағдайға байланысты 29 қазан елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды.

«Арселлор Миттал Теміртау» АҚ қарасты «Металлург» газеті Костенко шахтасында болған апаттан қаза тапқан 46 кеншінің аты-жөнін жариялады.

Қаза тапқан кеншілердің толық тізімі:

 

Шахтадағы апаттан кейін Қазақстан үкіметі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Костенко шахтасындағы апат тәуелсіз Қазақстан тарихындағы адам шығыны ең көп (46 адам қаза тапты) болған өндірістік апат ретінде тіркеліп отыр. Бұған дейін адам шығыны көп болған ең үлкен апат 2006 жылы Ленин шахтасында болды, ол кезде 41 кенші көз жұмды. 2008 жылы Абай шахтасында болған апаттан 30 кенші қаза тапты.

 

Қазір апат кезінде зардап шеккен 27 кенші ауруханада ауруханада ем алып жатыр. Олардың бірінің жағдайы ауыр.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру