Кәсіпкерлер салық есебін мобильді қосымшамен тапсыра алады
Kaspi банк Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп кәсіпкерлер үшін тағы бір онлайн қызметті іске қосты.
Енді жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер Kaspi Pay қосымшасындағы «Салық» бөлімінде 910-нысан бойынша салық есебін тапсыра алады. Бұл туралы Kaspi банктің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе айтты.
Басты мақсатымыз – кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдету әрі жақсарту. Біздің жаңа «Салық есебі» қызметінің көмегімен жеке кәсіпкерлер енді салық есебін онлайн, жылдам әрі оңай тапсыра алады. Командаларымыз бірлесіп әзірлеген тағы бір табысты сервис үшін Мемлекеттік кірістер комитетіне, сондай-ақ ҰАТ АҚ пен Цифрландыру министрлігіне алғыс айтамыз, – деді ол.
Өз кезегінде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Азамат Панбаев ведомствоның салық төлеушілер мен мемлекеттің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасайтынын атап өтті.
«Жаңа қызметтің көмегімен бухгалтер немесе кәсіпкердің өзі есепті қосымшаның өзінде жасап, растаған соң оны Мемлекеттік кірістер комитетіне автоматты түрде жіберіле алады», - деді Азамат Панбаев.
Еске сала кетсек, жақын арадағы есепті – 15 ақпанға дейін 2022 жылдың екінші жартыжылдығы үшін тапсыру керек. Келесі есепті – 2023 жылдың бірінші жартыжылдығы үшін – 15 тамызға дейін тапсырылады.
Сервис туралы толығырақ Kaspi Гид-тен білуге болады.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ