присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Көкшетауда 291 млн теңге жымқырған қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

21 мамыр 2024 17:54
Көкшетауда 291 млн теңге жымқырған қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, сотталушының жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында, «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған. Осылайша әйел қылмыстық  іс-әрекеттерімен салымшылардың 291 миллион теңгеден астам қаражатын қаржы пирамидасына тартып, оны криптовалютаға аударған және «Платформа CP Group» платформасына есептеген.

Сот үкімімен «Н» кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, тиісінше 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Көкшетау қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға және қаскүнемдердің айласына түспеуге шақырады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру