Көкшетауда ер адам жанжал кезінде әйелін пышақтап тастаған
Көкшетауда әйелін пышақтаған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 16 сәуірде Көкшетау қаласы ПБ-ға қалалық аурухананың қабылдау бөлмесіне іш қуысының пышақ жарақаты, аш ішектің зақымдануы диагнозы қойылған жергілікті тұрғынның жеткізілгені туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Оқиға орнына учаскелік инспектор келіп, ерлі-зайыптылар арасында жанжал болғанын анықтады. Соның салдарынан бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған құқық бұзушы әйелге ауыр дене жарақатын салған.
Сонымен қатар жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері бұған дейінгі тұрмыстық жанжалға сот залында әйелдің кешіріммен қарағанын хабарлады.
Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ