Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы өлі табылды
Мәскеуде "Қазақстан аруы-2000" байқауының қатысушысы Наталья Стешенко (Семаго) өлі табылды.
Ресейлік БАҚ мәліметінше, Мәскеудің "Луна" театрының 37 жастағы актрисасын 28 қарашада түстен кейін кішкентай бала тауып алған. Ол көршілерін көмекке шақырып, бәрі жедел жәрдем шақырған. Бірақ әйел дәрігерлер келгенше қайтыс болған.
Актрисаның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін анықталатыны айтылды.
Наталья Стешенко Павлодарда дүниеге келген, 2000 жылы "Қазақстан аруы" байқауына қатысқан. Ол Мәскеудегі "Луна" театрында жұмыс істеді, сонымен қатар "Алданған әйелдер лигасы" телехикаясында басты рөлді сомдады.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ