Маңғыстауда кәсіпорын жауапкершілікке тартылып, 1,2 миллиард теңге залал өтелді
Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды. Мемлекетке 1,2 миллиард теңге сомасында залал өтелді.
Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы "Phystech II" АҚ қызметінде тексеру жүргізді.
Компания қызметінде қызметкерлердің бірқатар еңбек құқықтарын өрескел бұзу, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталған.
"Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 миллиард теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 миллион теңгеден аса сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі", - делінген хабарламада.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ