присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған ер адам 22 жылға сотталды

05 шілде 2024 12:55
Маңғыстауда жасөспірімді зорлаған ер адам 22 жылға сотталды

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ер адамға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, айыпталушы 2023 жылдың тамызы мен қарашасы аралығында жасөспірім жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлап, жыныстық қатынасқа түскен және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған.

Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденген.

Сот сотталушы П.-ны ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігінде, 121-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, ҚК-нің 58-бабының 4-бөлігін қолданып, тағайындалған жазаларды ішінара қосу жолымен, түпкілікті 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру