Медициналық сақтандыру жүйесіне өзгерістер енгізілді
Медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті қаржыландырумен байланысты жағдайды жақсарту жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Консультациялық-диагностикалық көмек (КДК) көрсету деңгейіндегі проблемалардың бірі осы қызметтерді көп тұтыну болды. Бірінші себеп, кейбір медициналық ұйымдарда қызметтер көлемінің 80%-на дейін үшінші тарап ұйымдарына берілген кезде КДК-ны бірлесіп орындауға берумен байланысты. Бұл Медициналық сақтандыру қорының негізгі жеткізушілерінің борыштық міндеттемелерінің қауіптерін арттырады.
Сондай-ақ қосып жазу, шамадан тыс диагностика, мемлекеттік ұйымдарда амбулаториялық-емханалық көмектің болмауы базасында зертханалық-диагностикалық қызметтер көрсетуді, арнайы мамандардың консультацияларын дамытуға деген ұмтылысты қиындатады.
Шектелген бюджетте артық шығыстарды тежеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі биыл 1 ақпаннан бастап консультациялық-диагностикалық қызметтерге қаржы ағындарын бақылауды, желілік шкаланы енгізді. Бұл медициналық қызметтерді жеткізушілер мен бірлесіп орындаушылардың арасында наразылық тудырды.
Шиеленісті жағдайды шешу мақсатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңірлердің емханалары мен стационарлары дәрігерлерінің, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аумақтық филиалдары директорларының қатысуымен бірқатар кездесулер өткізіп, онда проблемалық мәселелер ашық талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша ДСМ Қормен бірлесіп, қысқамерзімді кезеңге төмендегідей шараларды іске асыру туралы шешім қабылдады.
Амбулаториялық деңгейде:
Бірінші – бірлескен орындаушылардан желілік шкаланы алып тастау.
Екінші – көрсетілген қызметтердің негізділігі мониторингінен кейін қосымша қаржыландырудың есебінен ақпан-наурыз айларында консультациялық-диагностикалық қызметтер бойынша орындалған көлемдерге ақы төлеуді жүргізу.
Үшінші – медициналық көмектің жекелеген бағыттары бойынша тарифтерді көтеру.
Үздіксіз стационарлық көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін министрлік Медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп, шұғыл жағдайларды емдеуге арналған шығыстарды жабу үшін резервтік көздерден қосымша қаржыландырумен көпбейінді ауруханаларда шұғыл травматология мен босанудың желілік шкаласын алып тастау жөніндегі шараларды қарайтын болады.
Бұдан басқа, балаларды оңалту, пульмонология, педиатрия және т.б. сияқты медициналық көмектің жекелеген бағыттары бойынша тарифтерді арттыру жоспарланып отыр.
Кейбір ауруханалардың кредиторлық берешегін ескере отырып, қаржылық сауықтыру жоспарлары әзірленді. Оған сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың бюджеті есебінен медициналық ұйымдардың борыштарын өтеу бойынша ведомствоаралық меморандумдар жасалды.
Ауылдық денсаулық сақтауда халқы аз жерлерде денсаулық сақтау ұйымдарына сараланған арттыру коэффициентін қолдану көзделеді. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өңірлердің бас дәрігерлерімен, сондай-ақ Астана қаласының №6 қалалық емханасы және №3 қалалық көпбейінді ауруханасының дәрігерлерімен медициналық көмекті қаржыландыру және емдеу процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша кездесу өткізді. Ажар Ғиният емханада жаңадан ашылған жедел жәрдем бөлімшесін, скринингтік кабинеттерді қарап, жалпы практика дәрігерлерімен, арнайы бейінді мамандармен әңгімелесті.
Өз кезегінде министр пациенттерді қажет болған жағдайда ғана арнайы мамандарға жіберуге тиіс, ал таралған аурулардың тізбесін диагностикалау мен емдеуді өз бетінше іске асыруға тиіс жалпы практика дәрігерлерінің (ЖПД) біліктілігін арттыру туралы мәселені көтерді.
Бұл ретте, ведомство басшысы Ажар Ғиният жалпы халыққа медициналық көмек көрсетуге бағытталған қаражаттың пайдаланылуын, оның сапасы мен тиімділігін Медициналық сақтандыру қорының сараптамасы тарапынан да, мониторингтің цифрлық құралдарының көмегімен де бақылау күшейтілетінін атап өтті.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ