присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Мемлекет басшысы келесі аптада Путин және Макронмен келіссөз жүргізеді

25 қараша 2022 16:48
Мемлекет басшысы келесі аптада Путин және Макронмен келіссөз жүргізеді

Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қарашада Ресей Федерациясына ресми сапармен барады

Мемлекет басшысы Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ екі ел басшылары Қазақстан мен Ресейдің Өңіраралық ынтымақтастық форумының жұмысына бейнебайланыс режимінде қатысады.

Ал 29-30 қарашада Қазақстан президенті Францияға ресми сапармен барады. Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде Франция президенті Эмманюэль Макронмен келіссөз жүргізеді деп жоспарланып отыр. Келіссөз барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын талқылайды.

Сонымен қатар, мемлекет басшысы Францияның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланған.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру