присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Мемлекеттік қызметкерлер жаңа әдіспен іріктелетін болды

14 маусым 2024 16:52
Мемлекеттік қызметкерлер жаңа әдіспен іріктелетін болды

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер жаңа әдіспен іріктеледі. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов мәлім етті.

Оның айтуынша, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында былтыр e-Qyzmet.gov.kz сыртқы интернет-порталы іске қосылып, іріктеудің жаңа ережелері әзірленген.

2023 жылдың 1 наурызынан бастап оған 6 мемлекеттік орган қосылса, қазір 22 мемлекеттік орган қосылып отыр. 1 шілдеде бұл жүйе 22 мемлекеттік органда қосымша енгізіледі, - деді агенттік төрағасының орынбасары.

Жаңа жобаның ерекшелігі – азаматтар кез келген уақытта және интернетке қолжетімді кез келген жерден онлайн режимінде байқаудың барлық кезеңіне қатыса алады.

Тараптар арасындағы мүдделер қақтығысын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін кандидаттарға ID-нөмір беріледі. Сондай-ақ адам факторын жою үшін конкурстық процедураның ашықтығы тәуелсіз прокурорлық жүйе арқылы қамтамасыз етіледі. Байқау жеңімпазын ақпараттық жүйе барлық кезеңдердің нәтижелері негізінде, жалпы балл бойынша дербес анықтайды, - деді Азамат Жолманов.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру