присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Молдова Ресейдің 6 телеарнасының көрсетілуін тоқтатты

20 желтоқсан 2022 09:54
Молдова Ресейдің 6 телеарнасының көрсетілуін тоқтатты

Молдова билігі өз елінде Ресейдің 6 телеарнасының көрсетілуін тоқтатты. Телеарна лицензияларының күші жойылды. Бұл туралы NewsMaker хабарлады.

Украинада соғыс басталғалы бері Молдовада жұмыс істеп келе жатқан төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия 16 желтоқсанның кешінде-ақ Ресейдің 6 телеарнасының лицензиясын тоқтатты. Олар – TV6, Orhei TV, Primul in Moldova, Accent TV, NTV Moldova және RTR Moldova, – делінген хабарламада.

Шешім «ұлттық ақпарат кеңістігін қорғау және жалған ақпарат тарату тәуекелін ескерту мен қоғамдық пікірді ойнатуға әрекет жасаудың алдын алу» мақсатында қабылданған.

Ресей журналистер одағының басшысы Владимир Соловьев Молдова билігінің бұл қадамын «елдегі орыстілді тұрғындарға берілген қатты соққы» деп бағалады. Осындай ойды Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарова да білдірді.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру