Мәдениет министрлігі "Қазақфильмге" қатысты мәлімдеме жасады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты "Қазақфильмнің" тағдырына қатысты мәлімдеме жасады.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды. Ұлттық киностудия президенті міндетін Айдар Омаров уақытша атқаратын болады.
Азамат Сатыбалдының "Қазақфильм" президенті қызметінен кеткені бір күн бұрын, 2024 жылғы 31 шілдеде белгілі болды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ