Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды.
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы туған.
Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер.
Еңбек жолын 1997 жылы коммерциялық құрылымдарда бастап, сол жерде 2005 жылға дейін, әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.
Нұрлан Ұранхаев 1965 жылғы 4 мамырда дүниеге келген.
В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты, «инженер-механик» мамандығы, Қазақ қаржы-экономикалық институт, «экономист-менеджер» мамандығы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет, «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1987 жылы Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» тресінде шебер, прораб болып бастаған.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ