Оралда 12 жастағы қызды топтасып зорлаған деген күдікпен 5 жігіт сотталды
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі соты көлік ұрлап, 12 жасар қызды зорлады деп айыпталған 5 адамға қатысты үкім шығарды.
Сот 2023 жылдың 23 мамырында сотталушылардың бірінің «Лада» автокөлігін заңсыз иемденгенін анықтады. Бір аптадан кейін ол Hyundai автокөлігінің есігін бұзып, көліктің ішіндегі ақшаны ұрлап, иесіне 1 миллион теңгеден астам шығын келтірген. 10 маусымда тағы 2 айыпталушы Фольксваген көлігіне кіріп, көлік ішінен ұялы телефонды ұрлап кеткен. Келесі күні айыпталушы топ – 16-17 жас аралығындағы 4 жасөспірім мен 20 жастағы жігіт кәмелетке толмаған қызды зорлаған.
Сотталушылардың кінәсі сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді қарау, беттестіру хаттамалары, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде кәмелетке толмағандардан жауап алу хаттамаларымен дәлелденді, – деп хабарлады сот.
Сотталушылар өз кінәларын мойындамады. Сонда да сот басты айыпталушыны 20 жылға бас бостандығынан айырды. Ал екеуі 7, 6 жыл жаза алды. Тағы екеуі 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Прокурор күдіктілердің кінәсін дәлелдегенмен, жәбірленуші деп танылған 12 жастағы қыздың анасы оларды ақтауды сұраған. Ол қызының өтірік айтқанын, зорланбағанын алға тартып отыр.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ