Отбасы күнін тойлаудың жаңа концепциясы ұсынылды
Отбасы күнін тойлаудың жаңа концепциясы ұсынылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Әр күн арнайы тақырыпқа арналады. Оның ішінде отбасылық дәстүрлер, неке жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптар бар.
Қазір отбасы мен некенің жағымды имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балаларының қарт ата-аналарына қамқорлық жасауы – ұлттық маңызы бар міндеттер, - деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.
Сондай-ақ әлеуметтік зерттеу қорытындысы да айтылды.
Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 62,7%-ы отбасыда қамқорлық, өзара құрмет көрсету және қолдау маңызды деп санайды. Одан кейін орында – махаббат (43,2%) және балалар (38,7%).
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ