присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Павлодарда бір жасар сәби шелектегі суға тұншығып қала жаздады

12 сәуір 2023 09:58
Павлодарда бір жасар сәби шелектегі суға тұншығып қала жаздады

Павлодар қаласында дәрігерлер шелектегі суға батып кете жаздаған сәбидің өмірін ажалдан аман алып қалды.

Қазір бала ауруханада жатыр.

Облыстық аурухананың мәліметіне қарағанда, 2022 жылы туған қызды 10 сәуірде облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиациямен жеткізді. Аурухадада дәрігерлер сәбидің жағдайы қалыпша деп отыр. Қазір ол соматикалық бөлімде емделіп жатыр.

Осыдан екі ай бұрын бір шелектегі суға батып кеткен сәби көз жұмған болатын.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру