присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент жарлығымен бірнеше басшы тағайындалды

28 қараша 2022 10:48
Президент жарлығымен бірнеше басшы тағайындалды

Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметі мен агенттік басшылары тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының жарлығымен:

Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы лауазымына;

Сәкен Сайынұлы Исабеков Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына;

Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Президенттің іс басқарушысы лауазымына;

Дархан Медеғалиұлы Жазықбаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы лауазымына;

Әсет Арманұлы Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына;

Марат Талғатұлы Омаров Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетін Ермек Сағымбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін Олжас Бектенов басқаратын болды.

 

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру