присылайте свои новости
нам
+7 (701) 024 33 00

Президент Үкіметті отставкаға жіберді

05 ақпан 2024 16:45
Президент Үкіметті отставкаға жіберді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің орнынан түсуі туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын.

 Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндетін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін, – делінген құжатта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 7 ақпанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиында еліміздің 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.

0 Пікірлерді көрсету Пікірлерді жасыру