ПТР тест пен маска бағалары екі есеге арзандады
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізді, - деп хабарлайды Taunews.kz. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000-нан 9 000-ға дейін төмендетілді («Олимп «КДЛ» ЖШС және «Инвиво» ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын бағаларды белгіледі, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жекелеген зертханалары бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті).
Медициналық маскалардың бағасын өндірушілер орта есеппен 21 теңге/данаға дейін төмендетті, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы 20 теңгеден 3 теңгеге/дана дейін, орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге/дана дейін төмендеді.
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ