Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдік ұсталды
Шетелдік азамат жүк пойызымен Қазақстаннан Ресейге заңсыз өтпек болған.
ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 мамырда Шекара қызметінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Булаев» (теміржол) бақылау бөлімшесінің шекара наряды Ресей Федерациясына заңсыз өтпек болған шетел азаматын ұстаған.
Шекаралық бақылауды іске асыру барысында жүк пойызы вагонының үстіңгі бөлігінде жасырынған мемлекеттік шекараны бұзушы анықталды.
Ұсталған адам ҚР ӘҚБтК-нің 514-бабы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Поделиться новостью
Другие новости раздела
Авторизация
Тіркеу
Әзірге ешкім пікір білдірген жоқ